Қаладағы «Ана мен бала» орталығында денсаулық сақтау саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесу барысында азаматтар денсаулығын қорғау, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтау, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған маңызды өзгерістер талқыланды.
– Жаңа Конституция жобасының 32-бабында әрбір азаматтың денсаулығын қорғау құқығы нақты бекітіліп, медициналық көмекті заңда белгіленген көлемде алу кепілдігі сақталатыны көрсетілген. Бұл – ана мен бала денсаулығын қорғауға, медицина қызметкерлерінің қауіпсіз әрі тұрақты еңбек жағдайын қамтамасыз етуге берік негіз, – делінген ақпаратта.
Медицина – тек бір саланың емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Адам өмірі мен денсаулығын ең жоғары құндылық ретінде айқындайтын жаңа Конституция – ел болашағы үшін маңызды қадам.
– 15 наурызда өтетін референдум – әрқайсымыздың саналы таңдауымыз. Ел болашағына бейжай қарамайық! - делінген әкімдік ұсынған ақпаратта.
Пікірлер