A+ A A-

talgatzhan 45 Бүгін, 09:30 0

ШҚО-да бірнеше жүргізуші оң жақ рөлді көлікпен жүк тасымалдап, заң бұзған

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі Полиция департаменті 21-25 ақпан аралығында өткен «Тасымалдаушы» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы кезеңде 1186 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Жолаушылар мен жүк тасымалдайтын 93 көлік жұмысына тыйым салынды. 28 көлік арнайы тұрақ орындарына апарылып, 65 мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді.

– Рейдтер барысында 32 заңсыз тасымалдаушы тоқтатылды, оның 30-ы такси жүргізушісі. Төртеуі оң рульді көліктермен жолаушылар тасымалдаған, бұл заңға қайшы, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Сондай-ақ көлікті мас күйінде жүргізудің 14 фактісі, қарсы жолаққа шығудың 10 фактісі, техникалық ақауы бар көліктерді басқарудың 133 фактісі, жолаушыларды тасымалдау мен қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін бұзудың жүздеген фактілері тіркелді. Жалпы 29 автобаза мен басқа да ұйымдардың, 1228 жүргізушінің қызметі тексерілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив