A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 10:40 0

ШҚО-да -30°С-тан төмендегенде қалааралық автобустарға шектеу қойылады

Бүгін / ШҚО

Қыстың аязды күндерінде облыс жолдарында автобустар мен дизельді қозғалтқышы бар көліктерге шектеу жиі енгізілді. Салдарынан қалааралық рейстер уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық филиалдың «КАЖсервис» ЖШС бас инженері Шыңғыс Заитовтың айтуынша, қалааралық қоғамдық көліктің қозғалысын шектеу туралы шешім ауа температурасы минус 30 градусқа дейін және одан төмендеген кезде қабылданады.
– Егер жолаушылары бар көлік жолда бұзылып қалса, адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда шектеу енгізу ұсынылады және полиция, ТЖД, «ҚазАвтоЖол» мекемелерімен келісім бойынша түпкілікті шешім қабылданады, – деді Шыңғыс Заитов.
Маманның айтуынша, бұл шаралар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің тиісті бұйрығымен реттеледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив