Алтай ауданындағы 74 тұрғыны бар Селезнёвка бекеті жұрты алкоголь өнімдерін сатып, тұтынудан бас тарту туралы шешімге келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл бастаманы кәсіпкерлер де қолдап, спирттік ішімдіктерді сатуды өз еркімен тоқтатты. Ресми ақпаратқа сенсек, мұнда мектеп жоқ. Есесіне, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, құқық бұзушылық азайған.
Тұрғындардың айтуынша, негізгі мақсат сол, қоғамдық тәртіпті нығайту. Тұрмыстық жанжалдарды азайтып, барлық ауыл тұрғыны үшін қолайлы орта қалыптастыру. Қазірдің өзінде әлеуметтік жағдайдың жақсарып, құқық бұзушылықтар санының азайғаны байқалады.
Айта кетейік, мұның алдында осындай бастаманы Күршім ауданына қарасты Аманат ауылының тұрғындары қолдаған еді. Осылайша, өңірде ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 25-ке жетті.
Пікірлер