A+ A A-

talgatzhan 49 3-03-2026, 13:10 0

Ұлының есімін Кенесары деп қойған 10 балаға 400 мың теңгеден беріледі

Бүгін / Өзге

Бұл туралы ақпаратпен белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ол алдымен наурыз – жаңару мен жаңғырудың айы екенін, ұлт рухы түлейтін, бабалар аманаты еске түсетін қасиетті кезең екенін алға тартты.
– Осы айда ұлдарының есімін Кенесары деп қойған
10 балаға «Аламан» орталығы атынан 400 000 теңгеден жөргекпұл береміз деп уәде еткен едік. Азаттықтың айбыны, еркіндіктің еңсесі, қазақ рухының соңғы ханының есімі – қайсарлықтың, намыстың, елдік пен ерліктің символы екенін ұмытпайық. Бүгінгі ұрпаққа баба есімін беру жай ғана ат қою емес, – деді ол.
Журналист өзінің nurseiitzhylkyshybai парақшасында сұрақтар туындап жатса деп байланыс телефонын да көрсеткен.

Фото: e-history.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив