A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 17:55 0

ШҚО-да тұрғындар мүдделерін қорғау бойынша жұмыс жалғасып жатыр

Бүгін / ШҚО

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2026 жылдың басынан бастап Департамент 22 көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Бұл тұрақты мониторингтің, өтініштерді талдаудың, сондай-ақ, мемлекеттік органдармен белсенді өзара іс-қимылдың нәтижесінде жүзеге асырылды. Нақты мысалдың бірі ретінде ағымдағы жылдың ақпан айында Маркакөл ауданындағы өтініштер туралы айтуға болады.
Департамент атына азаматтардан шағымдар келіп түсті, оларға Маркакөл ауданының жер комиссиясының қорытындылары негізінде жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін беруден бас тартылды.
– Алайда, тексеру барысында Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру рәсімінде елеулі бұзушылықтардың болуын анықтады. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 72-бабына сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылдауға міндетті. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істің дәлелдеріне, нақты мән-жайларына байланысты болмайды және әкімшілік істі толық көлемде тексереді, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Е.М. Айқымбеков.
ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-бөлігіне сәйкес, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, жер комиссиясының отырысы заңды болып саналады.
Алайда, кворумның жоқтығына қарамастан (бейнежазбаға сәйкес тек 3 мүше қатысқан) Маркакөл ауданының жер комиссиясы жер учаскелеріне құқық беру мүмкіндігінің жоқтығы туралы қорытынды шығарды.
Сонымен қатар, өтініштерді қарау барысында көрсетілетін қызметті беруші ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабын бұза отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту кезінде міндетті тыңдау рәсімін өткізбегені анықталды.
Департаменттің жедел араласуының арқасында көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары қалпына келтірілді, аудан әкімінің атына өтініштерді қайта қарау қажеттілігі туралы хат жолданды. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.
Мұндай мысалдар тиімді мемлекеттік бақылау бұзушылықтарды уақтылы жоюға, қайталанған жағдайлардың алдын алуға және ең бастысы азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Фото: adyrna.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив