A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:30 0

Шемонаиха ауданында дзюдо мен қазақ күресі қарқынды дамып келеді

Бүгін / Шемонаиха / Спорт

Ауданда спорт саласы, әсіресе дзюдо мен қазақ күресі қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінде ауданда спортшылардың тұрақты жаттығу өткізуіне мүмкіндік беретін төрт спорт нысаны жұмыс істейді. Олар - Усть-Таловка кентіндегі «Жұлдыз» спорт кешені, Сугатовка ауылындағы спорт кешені, Шемонаиха қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Шемонаиха ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі.

Аталған спорт нысандарының барлығында дзюдо және қазақ күресі бойынша тұрақты жаттығулар ұйымдастырылған. Жуырда жаттығу процесінің сапасын арттыру және жарыстарды жоғары деңгейде өткізу мақсатында жаңа татамилер сатып алынды.

Сонымен қатар 2026 жылы Шемонаиха қаласында тағы бір жаңа спорт залының ашылуы жоспарланып отыр. Бұл нысан белгілі спорт қайраткері И.П. Цыкуновтың есімімен аталмақ.

Қазіргі уақытта ауданда дзюдо бойынша 5 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді. Әр жаттықтырушының қарамағында орта есеппен 40-60 спортшы жаттығады. Балалар спортқа 4 жастан бастап қабылданады.

Ауданда жыл сайын И.П. Цыкуновты еске алуға арналған ашық облыстық турнир, дзюдо мен қазақ күресінен ашық аудандық жарыстар өткізіліп тұрады.

Шемонаиха ауданының спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда аудан намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Бұл өз кезегінде дзюдо мен қазақ күресінің дамуына серпін беріп, ауданның спорттық әлеуетін арттыруға ықпал етуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив