A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 13:00 0

Күршім аудандық ауруханасының бірнеше бөлімі күрделі жөндеуден өтті

Бүгін / Күршім

Аудандық аурухананың хирургия, жұқпалы аурулар және күндізгі  стационар бөлімдеріндегі күрделі жөндеу жұмыстары былтыр басталған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінде жөндеу толықтай аяқталып, ашылу салтанаты өтті. Оған Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлбеков, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен қоғам белсенділері қатысты. 

- Қазіргі таңда хирургия бөлімінде екі хирург, екі реаниматолог жұмыс істейді. Төсек-орын саны хирургияда - 8, жұқпалы аурулар бөлімінде - 10, күндізгі стационарда - 30. Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті. Негізгі мақсатымыз - пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін барынша қолайлы жағдай жасау, - дейді аурухананың бас дәрігері Қанат Шапатов.

Күршім аудандық ауруханасы 1986 жылы салынған. Ғимарат талай жыл бойы күрделі жөндеуді қажет еткен еді. 2019 жылы емхана, 2022 жылы соматика, перзентхана, ота жасау, қабылдау бөлімдері күрделі жөндеуден өткен болатын.

Бүгінде ауруханада жалпы саны 31 дәрігер еңбек етіп жатыр. Оның ішінде жоғарғы санатты - 8, бірінші санатты - 2, екінші санатты - 5 дәрігер бар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив