A+ A A-

talgatzhan 22 Бүгін, 15:30 0

GIZ Қазақстанның бассейндік су инспекцияларына 240 жаңа техника береді

Бүгін / Республика

Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) Су ресурстары және ирригация министрлігіне 240 жаңа техника береді. Оның ішінде 110 жүйелік блок, 50 планшет, 60 ноутбук және 20 монитор бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл техника бассейндік су инспекцияларына беріледі. Қазіргі таңда министрлік 130 техниканы қабылдап үлгерді. Қалған 110-ы жыл соңына дейін жеткізіледі.

Техникалық жабдықтау 2023 жылдың қазан айында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен GIZ арасында жасалған келісім аясында жүзеге асып жатыр.

- Жаңа техника елдің су қорын қорғаумен айналысатын бассейндік инспекциялардың жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Техникалық жабдықтаумен қатар, министрлік құрылғаннан бері инспекция бөлімдері әр облыс орталығында ашылды, ал қызметкерлер саны екі есеге артты. Сонымен бірге былтыр қабылданған Су кодексі инспекторлардың бақылау және қадағалау өкілеттіктерін кеңейтті, – деді Су ресурстары және ирригация министрінің бірінші орынбасары Нұрлан Алдамжаров.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив