Ұзақ жылдар ауыр техника тізгіндеген Қазия Мусина дауыс берген соң, ел Тәуелсіздігі мәңгі болуына тілекші екенін жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Механизатор-тракторшы болған зейнеткер қазір Тарғын ауылында тұрады. Айтуынша, бүгін маңызды күн, тарихи сәт.
– Жаңа заңымызды қабылдағалы отырмыз. Осы күні халқыма сәттілік тілеймін. Жаңа Қазақстанымыздың дамуы жастардың қолында. Оларға қазіргі заманға сай білімді болу керек. Ел болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, – деді ол.
Видео: ulan_akimdigi
Пікірлер