A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:55 0

Ұлан өнерпаздары Өскемен жұрты үшін ән шырқады

Бүгін / ШҚО

Бүгін Өскемендегі Maxi Mall сауда орталығында Наурызнаманың онкүндігі аясында ұландықтар концерттік бағдарлама ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ең алдымен ұландықтар ұлттық киімдерін киіп, халықты ортасына жинау үшін ел аузында жүрген әндерді айтып, сауда орталығын айналып шықты. Қала тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлау үшін әннен бөлек, күй де тартылды. Ұландықтар көпшілікке әз-Наурыздың келгенін осындай ерекше концерттік нөмірлер көрсетті. Сауда орталығында кішкентайын ертіп, серуендеп жүрген өскемендіктер ойда-жоқта төбе көрсеткен өнерпаздарға ілесіп, уақыттарын көңілді өткізді. Ол жерде ұлттық қана емес, заманауи әндер де шырқалды. Аудан әкімінің орынбасары Мәделхан Піржанов әз-Наурыз ізгілік пен мейірім мейрамы екенін алға тартты.
– Ауданымыздың барлық ауылында, Қасым Қайсенов кентінде ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Соның жалғасы ретінде бүгін аудандық музыка мектебінің ұжымы қала тұрғындары мен қонақтарына өз өнерлерін ұсынды. Отбасылық құндылықты, ұлттық мәдениетті, ұлттық спортты және салт дәстүрімізді дамытуға бағытталған осындай маңызды шаралар әрқашан ұйымдастырылып, жоғары деңгейде жалғаспақ, – деді орынбасар.

Алмас Келесбай

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив