ШҚО Полиция депаратменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері Риддер қаласының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, жергілікті тұрғындардың есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іздестіру шаралары барысында 33 жастағы ер адам мен 32 жастағы әйел ұсталды.
Олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде полицейлер 37 дайын полимерлі және қағаз түйіншектерді тапты.
Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген есірткі заты салмағы бір келдіен асатын, аса ірі мөлшердегі кептірілген марихуана екені белгілі болды.
Қазір ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ШҚО Полиция департаменті есірткі заттарын заңсыз сақтау, дайындау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Пікірлер