17 наурызда Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов кентінде тероризмге қарсы оқу-жаттығу ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудандық терроризмге қарсы жедел штабтың мәліметінше, іс-шара барысында терроризмге осал нысандарда түрлі жағдайларға жедел ден қою мәселелері пысықталады.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтарынан түсіністікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын сақтап, мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындау сұралады.
Пікірлер