Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратқа көз жүгіртсек, аталған мекемеге газдалмаған су жеткізілуі тиіс, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тапсырыс беруші – Ұлан ауданындағы Балалар-музыка мектебі. Техникалық құжаттамаға сәйкес, 19 литрлік үлкен бөтелкедегі су жеткізуші тарапынан жыл көлемінде апарылуы тиіс. Сондай бөтелкелердің саны – 200 дана. Су газдалмаған, әрі озондолған болуы керек. Әзірге ешкім өтінім бермеді. Қосылған құн салығын есептемегенде, бөлінген қаржы – 172 мың 414 теңге. Жеңімпаз наурыздың 20-сы күні анықталуы тиіс.
Фото: Label4u.ru
Пікірлер