A+ A A-

talgatzhan 35 27-03-2026, 11:20 0

Өскеменде робототехника турнирі өтті

Бүгін / Өскемен

RoboBastau жобасына 50-ден астам мектеп оқушысы қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқу жылы бойы олар үйірмелерге тегін қатысып, робототехника, бағдарламалау және инженерлік дизайн негіздерін үйренеді.
Іріктеу турнирі практикалық жаттығу кезеңі ретінде өтті. Оқушылар бірнеше инженерлік пән бойынша өз шеберліктерін көрсетті. 
Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз командалар мамыр айында Астанада өтетін Robotek Grand Tournament Astana халықаралық робототехника чемпионатына жолдама алады.
Облыста RoboBastau жобасын Robotek мектебі Қазцинктің қолдауымен жүзеге асыруда. Бұған дейін Риддерден келген оқушылар жобаға қатысып,  жақсы нәтижелер көрсеткен еді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив