A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 13:00 0

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы артты

Бүгін / Республика

2025 жылы Қазақстандағы халықтың туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш 2024 жылғы 75,44 жаспен салыстырғанда өсім байқалды.
Қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдыққа қарағанда жоғары — тиісінше 76,63 және 74,81 жас.
Ал гендерлік бөліністе әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 79,8 жас, ал ерлерде 72,19 жас болды. 2024 жыл бұл көрсеткіш тиісінше 79,42 мен 71,33 жасқа жуықтаған.
Өңірлер бойынша ең ұзақ өмір сүру көрсеткіші Алматы қаласында — 78,83 жас, Астана қаласында — 78,78 жас, ал ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында — 73,56 жас.
Туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы — әр жастағы өлім-жітім деңгейі өзгермеген жағдайда, адамның орташа өмір сүретін жылдар саны ретінде есептеледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив