A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 16:00 0

ШҚО-да алдағы күндері 20 градус жылы болады

Бүгін / Басты / ШҚО

Қазақстанда 28, 29 және 30 наурыз аралығында ауа температурасы +30 градусқа дейін көтеріледі. Кей өңірлерде жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және тұман күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

«Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, шынайы көктемгі жылы ауа райы қалыптасады.

Тек батыс өңірлерде және кей күндері оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Жел күшейіп, кей өңірлерде тұман түседі

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал.

Ал түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман түсуі болжанып отыр.

Күндізгі ауа температурасы мынадай деңгейге дейін көтеріледі: батыста: +18…+27°C, солтүстікте: +10…+17°C, орталықта: +15…+25°C, шығыста: +12…+20°C, оңтүстікте: +23…+30°C.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив