Аталған іс әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға 15 наурызда Нұрмағамбетов көшесінде келе жатқан автобуста болған.
- Қоғамдық көлікте А. есімді азамат М. есімді азаматқа балағат сөздер айтқан. Құқық бұзушылықтың мән-жайы дәлелдемелердің жиынтығымен расталды. Полиция инспекторларының есебі мен түсініктемелері, бейнежазбалар, куәгерлердің айғақтары және басқа да іс материалдары есепке алынлы, - делінген ресми ақпаратта.
Құқық бұзушыға 60 550 теңге айыппұл салынды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер