A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 17:00 0

Әлем шыңдарын бағындырған әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге ең жоғары атақ берілді

Бүгін / Республика / Спорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Президент марапат иесін қабылдап, оның ел спорты мен халықаралық альпинизмдегі айрықша еңбегін атап өтті.

- Өзіңіздің зор қажыр-қайратыңыз бен аса жоғары кәсібилігіңіздің арқасында Қазақстан Республикасының көк Туы Жер шарының асу бермес асқарларында желбіреді. Әлемнің ең биік нүктелерін бағындырған тәжірибелі шыңға өрмелеуші ретінде дүние жүзіне даңқыңыз жайылды. Эверестке шығып, беделді “Жеті шың” клубына мүше болған алғашқы қазақстандық атандыңыз. Сізді елімізде альпинизм мектебінің негізін қалаушы ретінде құрметтейді. Қазақстан құрамасы Сіздің жетекшілігіңізбен 8 мың метрден асатын барлық 14 шыңды бағындырды – бұл бірегей жетістік, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ерванд Ильинский – Қазақстандағы альпинизм мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Ол халықаралық турнирлерде жеңіске жетіп, әлемнің ең биік шыңдарын бағындырған тәжірибелі спортшы ретінде кеңінен танылған.

Сонымен қатар ол бапкер ретінде жүзден астам спорт шеберін тәрбиелеп шығарды. Оның шәкірттері арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері мен әлемдік рекорд иелері бар.

Ильинскийдің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы әлемде алғаш болып биіктігі 8 мың метрден асатын барлық 14 шыңға шықты. Бұл – отандық альпинизм тарихындағы теңдессіз жетістік.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив