A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 15:15 0

ШҚО-да «Жер сағаты» акциясына жетпіске жуық нысан қатысады

Бүгін / ШҚО

Бүгін өңірде халықаралық «Жер сағаты» экологиялық акциясы аясында ондаған маңызды нысан бір сағатқа жарығын сөндірмек. Бұл бастама энергияны үнемдеуге және климаттың өзгеруіне қоғам назарын аударуға бағытталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Акцияға қатысатын ең маңызды нысандардың қатарында Шығыс Қазақстан облыстық және қала, аудан, ауыл әкімдіктері, басқармалар мен департаменттер, ірі сауда орталықтары, мектептер мен ЖОО, саябақтар мен орталық алаңдар, мешіттер мен мәдениет ошақтары бар. Сонымен қатар, акцияға «Казцинк», Үлбі металлургия зауыты, Өскемен және Риддер қалаларындағы жылу-энергетика кәсіпорындары сияқты өңірдегі ірі өндірістік нысандар да қолдау білдіріп отыр.

Мамандардың айтуынша, «Жер сағаты» — тек жарықты өшіру ғана емес, бұл әр адам мен ұйымның табиғатқа деген жауапкершілігін көрсететін символдық қадам. Осындай бастамалар арқылы қоғамда экологиялық мәдениет қалыптасып, энергия ресурстарын үнемдеу дағдылары нығая түседі.

Айта кетейік, акция жыл сайын әлемнің көптеген елінде өтеді және оған миллиондаған адам қатысады. Шығыс Қазақстан облысында да бұл игі дәстүр жыл сайын кең қолдау табуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив