Айтуларынша, әр жыл сайын көктемде қауіпті жағдай жиі тіркеледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әсіресе жағалаулардағы, ағыс жерлеріндегі және көпірлердің астындағы аймақтарға жоламау қажет. Дәл сол жерлерде мұз тез еріп, көпшілік тұзақ іспетті болады.
Жыл сайын осы кезеңде өзіне қатты сеніп кеткендердің бейқамдығынан қайғылы оқиғалар тіркеледі. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін құтқарушылар күн сайын мұз бетіне шығып кеткендерге түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай әрекеттер тоғыз мыңға таяйды. Түсіндіру кезінде олар балық аулаудың да өз тәртібі мен қағидалары бар екенін жеткізеді.
- Мұзға бет албаты шығып кетуге тыйым салу қажет. Кейбірі қатқақ бетінде көлікпен жүйткиді. Қаршана және басқа да техникаларға мініп, сақтық танытпайтындар бар. Егер сіз ережелерді бұзсаңыз, әкімшілік жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. Қыс мезгілінде ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 95 адм жазаланды. Абайсыздық ажалға әкелуі мүмкін. Қар еріген сайын, мұздағы қауіп те жоғарылайды, - делінген ТЖД ұсынған ақпаратта.
Пікірлер