A+ A A-

talgatzhan 31 30-03-2026, 09:30 0

30 наурыз бен 5 сәуір аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты
Басшылық  жұмысыңызға әсіре көп талап қойып, сырттай бақылауға алады. Кейбір орындалмаған жұмыс үшін сізге ғана кінә артатындай. Барлығына әзір болыңыз. Есесіне үйге келсеңіз жан жарыңыз жадырап қарсы алып, кішкентайыңыз шаршағаныңызды басады.
Торпақ
Қазір бойжазуға да мұршаңыз жоқ. Бар жауапкершілік бір өзіңізге артылып тұр. Ақша жағына келгенде сақтық танытыңыз: әлдекімдердің аяғыңыздан шалып жіберулері ғажап емес. Апта соңына қарай маңызды келісімшартқа қол қоюыңыз мүмкін.
Егіздер
Көктемгі шаршаңқылық көптеген жоспарыңызды құртады. Сондықтан жұмыстан қолыңыз тиіп жатса ақ халаттыларға қаралып, денсаулығыңызға мән бергеніңіз ләзім. Егер жұмысқа қатысы жоқ болса, алыс сапарларға шығып қайтсаңыз артық етпейді.
Шаян
Отбасыңызда бұрын-соңды болмаған өзгерістерді байқайсыз. Сол қуаныш ұзағынан жалғасып, апта соңына дейін күш-қуат жинағандай боласыз. Қаржылық жағдайыңыз әлі тұрақтала қоймағандықтан, қымбат заттар сатып алмағаныңыз жөн.
Арыстан
Жиі қобалжисыз. Осы аптада болған ұсақ-түйек жайттардың барлығы ығыры мен дығырыңызды шығарады. Ол аздай жақын адамдарыңызбен де арақатынасыңыз ушығып кетуі кәдік. Мұндайда оңаша қалып, барлығын ой елегінен өткізгеніңіз дұрыс.
Бикеш
Отбасылық мәселелерді шешуші бірінші орынға қоясыз. Тіпті кейбір түйткілдерді ретке келтіру үшін маңызды дүниелерден бас тартуыңыз ғажап емес. Не де болса сырт келбетіңізге мән беріп, жинақы қалпыңыздан танбаңыз.
Таразы
Күтпеген жерден жалақыңыз қысқарып, күтпеген шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Ағаттық қай жерден кетті? Сәл философиялық тұрғыда ойлап көріңіз. «Шөлмек мың күнде емес, бір күнде сынады», я болмаса «Уақыт – емші» сынды ойлар бағыт-бағдар бермек.
Сарышаян
Алдағы күндері сүйіктіңіз романтикалық кездесуге шақырады. Тек кездесу емес, соңы жарасымды жұп құруға мүмкіндік сыйлайды. Тек басыңызға қонған бақыт құсын ұшырып алмаңыз.
Мерген
Эмоцияңызды сыртқа шығармауға тырысыңыз. Әріптестеріңіз арасында бар назар сізге ауған. Сондықтан салқынқандылық танытып, иман сауытыңызға берік болыңыз. Апта ортасында күтпеген қоңырау түсіп, іскерлік кездесуге шақыруы мүмкін.
Тауешкі
Әлдекімдер бойыңыздан мін іздеп, әр көзі сынап тұрғандай көрінеді. Сіз де сыр білдірмеңіз. Болмайтын жерден ағаттық жіберсеңіз алдап соғуға дайын тұр. Сол себепті «жауларыңызды» ұдайы бақылауда ұстауға тырысыңыз.
Суқұйғыш
Қазір бар назарыңызды жұмысқа аударыңыз. Басшылық та сізден осыны күтеді. Себебі күн өткен сайын кәсіби шеберлігіңіз қалыптасып, тәжірибеңіз де толыса түскен. Сондықтан өз ісінің шеберлері үшін жауапкершілік жүгі қашан да ауыр.
Балықтар
Жақындарыңыздың бірі қазір сізден қолдау күтеді. Соған көп күшіңізді сарқисыз. Бұл кезең саяхаттап, рухани тұрғыда серпілуге қолайлы. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив