A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 12:45 0

Өскеменде жастармен кездесу өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында жастармен экология тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінде қоршаған ортаны қорғау мәселесі әлем бойынша өзекті болып отыр. 30 наурыз Дүниежүзілік нөлдік қалдықтар күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн қоғамның назарын тұрмыстық қалдықтарды азайтуға және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға бағытталған.

Эко-ерікті Людмила Евженкованың сөзінше, қазір қалдықтардың көлемін азайту аса маңызды. Алайда қоғамда «мүлдем қалдықсыз өмір сүру» ұғымы кейде шектен тыс түсіндіріліп жатады.

– Біздің мақсат – жастарға экологиялық өмір салтына біртіндеп көшу маңызды екенін түсіндіру. Қалдықты азайту – күрделі немесе ұят нәрсе емес. Ең бастысы – табиғатқа жауапкершілікпен қарауды әдетке айналдыру, – деді Людмила Вальеревна.

Сондай-ақ Қазақстандағы қалдықтарды қайта өңдеу көрсеткіштері туралы нақты деректердің әртүрлі екенін атап өтті. Сарапшылардың бағалауынша, елде қайта өңделетін тұрмыстық қалдықтардың үлесі шамамен 4 пайыздан 25 пайызға дейін жетеді. 

Кездесу барысында жастарға экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарды азайту және табиғатты қорғаудың маңызы туралы ақпарат берілді.

 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив