A+ A A-

talgatzhan 36 30-10-2024, 09:12 0

Шығыс Қазақстанда биыл кене шаққандар көбейді

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында биыл кене шаққандар саны 6,4 пайызға артып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, сәуір айынан бері облыс бойынша кене шаққан 3927 адам дәрігерге қаралған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайызға көбейді. Себебі биыл өңірде кенелерге қолайлы ауа райы болған. 

-Кенеден зардап шеккендер саны бойынша Өскемен қаласы (1917 адам) бірінші орында. Одан кейін Риддер қаласы мен Алтай ауданының халқы тұр. Ал кене ең аз шаққандар Ұлан ауданында (13 адам), - делінген ақпаратта.

Ауруханаға қаралғандардың 94 пайызы иммуноглобулин алды. Қалғандарына кене энцефалиті вирусының әсерін бейтараптандыратын екпе салынбады. Кейбіреулері өз еркімен бас тартса, басқалары дәрігерге тым кеш жүгінген. 


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив