A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 10:00 0

Қазақстанда ең жиі пайдаланылатын топ-3 жәрдемақы қандай

Бүгін / Республика

«Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» жылдың басынан бері ең жиі рәсімделген жәрдемақылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Корпорацияның мәліметінше, Қазақстанда әр азамат туғаннан бастап 42 түрлі мемлекеттік төлем түріне қол жеткізе алады. Бұл төлемдер отбасыларды қолдаудан бастап, өмірдің әртүрлі кезеңдерінде көрсетілетін көмек түрлерін қамтиды. 

Биыл жыл басынан бері көп рәсімделген топ-3 жәрдемақыға мыналар жатады:

Жұмыстан айырылу жағдайында әлеуметтік төлем тағайындау — 79 797

Бала тууына және күтіміне байланысты жәрдемақы - 50 396

1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы (жұмыс істемейтіндерге) - 40 283

Еске сала кетейік, елде жәрдемақы мен төлемдер бойынша қандай өзгеріс болғанын мына сілтемеден оқи аласыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив