A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 09:00 0

Қазақстанның 14 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін / Республика

Қазақстанның 14 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпорынның мәліметтеріне қарағанда, 31 наурызда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз де жауын-шашын сақталады. Облыстың батысы мен солтүстік-шығысында тұман болжанып отыр. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағытта соғып, күндіз орталығында екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай, ал оңтүстігінде өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең өңірдің батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыс және шығыс бағытта, күндіз шығысында екпіні 15–20 м/с.
31 наурыз – 2 сәуір аралығында Жетісу облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман мен көктайғақ болады.
Ақтөбе облысында шығыс және оңтүстік-шығыс желі соғып, күндіз батысында және солтүстігінде екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман болады. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, түнде оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында, күндіз таулы өңірлерде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман болжанып отыр.
Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында және шығысында тұман болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыс бағытта соғып, таулы өңірлерде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде де, күндіз де найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде және таңертең өңірдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив