A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 11:00 0

Елде базар саны азайды

Бүгін / Республика

2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 588 базар жұмыс істейді, 2024 жылға қарағанда базар саны 38-ге азайған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Олардың басым бөлігі қалалық жерлерде орналасқан (417), ауылдық жерлерде - 171 базар.
Базар саны бойынша тізім басында Түркістан облысы тұр - 103, одан кейін Алматы облысы - 57 мен Ақтөбе облысы - 53. Сауда базары Ұлытау облысында ең аз - 6 базар.
Базардағы сауда орындарының саны да бір жыл ішінде азайып, 147,6 мыңға жетті (2024 жылы - 150,8 мың).
Өңірлік бөліністе сауда орындарының ең көп саны Алматы қаласында тіркелген (26,5 мың), алғашқы үштікте, сондай-ақ, Жамбыл (19,8 мың) мен Алматы облыстары да бар (17,2 мың).
Жалпы базар санының ішінде 265 базар заңды тұлғаларға тиесілі болса, 323 базар дара кәсіпкерлердің иелігінде.
588 базардың 9 коммуналдық, 323 жабық базарға жатады. Сатылатын тауар түріне қарай 222 базар мамандандырылған, ал 366 - әмбебап.
Сауда көлемі бойынша 39 базар көтерме, 549 базар бөлшек саудаға арналған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив