A+ A A-

talgatzhan 10 Бүгін, 09:40 0

Өскеменде жасөспірімдер автобуста газ шашты

Бүгін / Өскемен

Оқиға 28 наурызда болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, екі оқушы қыз қоғамдық көлікте өздерін мәдениетсіз ұстап, ешкімді тыңдамаған.
- Қоғамдық көліктен түсіп бара жатқанда кәмелетке толмағандардың бірі бұрышты газ баллонын шашты. Полиция қызметкерлері бұл оқиға бойынша тергеу жүргізді. Бейнебақылау камераларының жазбаларын қарау нәтижесінде 14 жастағы қала тұрғынының тәртіп бұзғаны анықталды, - деді ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
Жасөспірім мен оның заңды қамқоршысына кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
- Нәтижесінде қыздың заңды қамқоршысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 435-бабының 1-бөлігі (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің мәліметінде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив