A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 09:45 0

«Казцинкке» 20 млн теңге айыппұл салынды

Бүгін / Өскемен

ШҚО Экология департаментінің мамандары Өскемендегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңінде «Казцинк» ЖШС металлургиялық кешенінің Өскемен металлургиялық алаңын жоспардан тыс тексерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шығарындылар көздерінде бақылау өлшемдері жүргізілді. Нәтижесінде белгіленген нормативтердің артуы анықталды: күкірт диоксиді бойынша – 3,5 есе, көміртек оксиді бойынша – 2 есе, азот оксиді бойынша – 1,5 есе.

- Анықталған деректер шаң-газ ұстау жабдықтарының толық көлемде тиімді жұмыс істемейтінін және түтін газдарын жобалық деңгейде тазартуды қамтамасыз етпейтінін көрсетеді. Сонымен қатар қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде эмиссияларды төмендету талаптарының сақталмауы экологиялық рұқсат шарттарының бұзылуына әкелгені анықталды, - делінген департамент ақпаратында. 

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын шамамен 20 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив