A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 09:50 0

ШҚО-да кейбір құрылыс салушылар азаматтардың қаражатын заңсыз тартады

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес үлескерлердің қаражатын тартуға тек келесі жағдайларда ғана жол беріледі:

ЖАО рұқсаты (жергілікті атқарушы орган); 

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі;

Екінші деңгейлі банктің (ЕДБ) жобаға қатысуы.

- Тәжірибе көрсеткендей кейбір құрылыс салушылар заң талаптарын бұзып, азаматтардың қаражатын заңсыз тартады. Бұл келесідей салдарға әкелуі мүмкін: алданған үлескерлердің пайда болуы, аяқталмаған құрылыс нысандары, қоғамдық резонанс. Рұқсат құжаттарынсыз жасалған брондау шарттары заңсыз саналады, - делінген ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының ақпаратында. 

Сенімді тұрғын үй кешендері: «Asyltas» ТК — ЕДБ қатысуы, «Orda» ТК — ЖАО рұқсаты, «ASYLYM» ТК — «ҚТК» АҚ кепілдігі, «Золотой квадрат» ТК — «ҚТК» АҚ кепілдігі, «Tumar Towers Oskemen» ТК — ЖАО рұқсаты, «Айналайын» ТК — ЖАО рұқсаты, «Belgravia» ТК — ЖАО рұқсаты, «BS Holding Easton» ТК — ЖАО рұқсаты. 

Қалай тексеруге болады?

elicense.kz — БСН арқылы тексеру;

front.homeportal.kz — нысандар туралы ақпарат.

- Тұрғын үй сатып алу — маңызды шешім. Өзіңізді қорғау үшін құжаттарды міндетті түрде тексеріңіз, - деді басқарма өкілдері. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив