A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 09:55 0

ШҚО-да фристайл-могулдан ел біріншілігі өтіп жатыр

Бүгін / ШҚО / Спорт

«Нұртау» тау-шаңғы курортының беткейлерінде фристайл-могулдан Қазақстан Республикасының чемпионаты ресми түрде басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салтанатты ашылу рәсіміне құрметті қонақтар мен ұйымдастырушылар қатысты.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы жоғары жетістіктер спорты және спорттық резерв бөлімінің басшысы Аида Жұханова құттықтау сөз сөйледі. Жарыстың құрметті қонағы ретінде Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері және Ольга Рыпакова қатысты. Сондай-ақ спортшыларды «Нұртау» ТК бас директоры Айдар Мадияров құттықтады.

2026 жылғы XXV Қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғаған Шығыс Қазақстан облысының үздік фристайлшыларының қатысуы чемпионаттың мәртебесін арттырды. 

Жалпы 38 мықты спортшы өзара бақ сынасады. Жарыс халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін, ұзындығы 200 метрлік кәсіби трассада өтуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив