A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:10 0

ШҚО зейнеткерлері «Уба» шипажайынан 12 күн бойы ем алып қайтып жүр

Бүгін / Шемонаиха

Шемонаиха ауданындағы Выдриха ауылында орналасқан «Уба» шипажайы бүгінде өңір зейнеткерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сауықтыру қызметін ұсынып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

200 орынға шақталған демалыс орнында негізінен облыс тұрғындары ем қабылдайды. Шипажай директоры Айжана Мұхамадиеваның айтуынша, мұнда демалушылар 12 күн бойы ем алып, түрлі сауықтыру шараларынан өтеді.

– Шипажайда балшықпен емдеу, тұз бөлмесі, массаж, емдік дене шынықтыру кабинеті жұмыс істейді. Сондай-ақ сумен емдеу, джакузи қызметтері қарастырылған. Әр емдеу бөлімінде арнайы мамандар қызмет көрсетеді. Демалушылар бос уақытында билеп, шахмат пен үстел теннисін ойнай алады, – деді ол.

Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы Қуаныш Дәулетұлының сөзінше, демалушылар дәрігер тағайындауына сәйкес арнайы жаттығулар орындайды.

– Бұл жерде төрт жылдан бері жұмыс істеймін. Демалушылармен бірге дене жаттығуларын жасап, олардың денсаулығын жақсартуға көмектесеміз, – деді маман.

Ал Катонқарағай ауданынан келген демалушының айтуынша, шипажай зейнеткерлер үшін өте пайдалы.

– Осында арнайы келіп ем аламыз. Тамақтануы да, қызмет көрсетуі де жақсы ұйымдастырылған, – деді ол.

Айта кетейік, «Уба» шипажайы өңірдегі әлеуметтік бағыттағы маңызды нысандардың бірі саналады.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив