Өскемен сауда үйлерінің бірінде ШҚО ТЖД құтқарушылары өрт-тактикалық жаттығулар өткізді. Оқу-жаттығу «желісі» бойынша шұғыл қызметтерге сауда үйі бөлімдерінің бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Келушілер мен қызметкерлер жақын маңдағы эвакуациялық шығу жолдары арқылы төтенше жағдай аймағынан жедел шықты. Түтінді ғимаратта шартты түрде адамдар қалып, өрт сөндірушілер баспалдақ пен құтқару сорғыштарын пайдаланып, оларды эвакуациялады.
Құтқарушылар сауда орталықтары өрт өршуі мүмкін объектілерге жататынын атап өтті. Өйткені онда жанғыш материалдар көп.
– Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты сол, өрт туындаған кезде персоналдың іс-қимылын пысықтау, сатушылар мен объект қызметкерлерінің қауіпсіз эвакуациялауға дайындығын тексеру, сондай-ақ сауда орталығы әкімшілігімен өзара іс-қимылды жетілдіру, – делінген департамент ақпаратында.
Сонымен қатар, құтқарушылар ғимаратқа кіру жолдарын, өрт гидранттарының қолжетімділігін тексеріп, объекті аумағын егжей-тегжейлі зерттеді.
Пікірлер