A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:25 0

ШҚО-да тәртіп сақшылары үй-үйді аралады

Бүгін / ШҚО

Өңірде 26-29 наурыз аралығында «Қауіпсіз үй» республикалық жергілікті рейдтік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның негізгі мақсаты — отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау.

Полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес секторлардың өкілдері жұмылдырылды. Бірнеше күн бойы рейдтер, үйлерді аралау және тұрғындармен профилактикалық әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. 

Шара барысында есепте тұрған 750-ден астам тұлға тексеріліп, анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Жалпы 420 әкімшілік құқық бұзушылық, соның ішінде отбасылық-тұрмыстық жанжалдар, тыныштықты және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері анықталды. 

Өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға ерекше көмек көрсетіліп, 19 бала тәрбиеленіп жатқан 9 отбасы анықталды. Оларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіліп, уәкілетті органдарға тиісті хабарламалар жолданды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив