A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:30 0

ШҚО-да 42 көлік мамандандырылған тұраққа қойылды

Бүгін / ШҚО

Облыс аумағында 26-28 наурыз аралығында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар тұлғаларды анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізді.

Үш күн ішінде барлығы 1500-ден  астам құқық бұзушы анықталып, 1200-ден астам қаулы орындалды.

Бұдан бөлек, «O.P.E.R.» жүйесін қолдану арқылы 42 автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Аталған көлік құралдарының иелері әкімшілік жазаны өтеуден жалтарып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Тәртіп сақшылары мұндай іс-шаралардың тұрақты негізде өткізілетінін және жол қозғалысына қатысушылар арасындағы тәртіпті арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив