A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:00 0

Биыл 118 қару мен 15 граната тәркіленді - ҰҚК

Бүгін / Республика

Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Қазақстан өңірлерінде қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, нәтижесінде 118 қару тәркіленді. Оның ішінде 6 «Калашников» автоматы, 83 мылтық, 29 тапанша бар. Сондай-ақ 15 граната мен 859 оқ-дәрі алынған.
- Аталған фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген ақпаратта.
Ведомство бұл бағыттағы жұмыстың жалғасатынын атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив