A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:40 0

Шемонаиха ауданындағы «Келешек мектебінде» 349 оқушы білім алуда

Бүгін / Шемонаиха

Шемонаиха ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған Шәкәрім атындағы №4 жалпы орта мектеп өткен жылдың 1 сәуірінен бастап өз жұмысын бастады. Бүгінде білім ордасында 349 оқушы білім алуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Мектеп директоры Нәзигүл Анарбекқызының айтуынша, білім ордасы үшін алғашқы жыл табысты бастамалармен ерекшеленген.

– Бұл біз үшін жай ғана оқу жылы емес, алғашқы қадамдарымыздың негізі қаланған кезең болды. Осы уақыт ішінде оқушыларымыз пәндік олимпиадаларда, республикалық деңгейдегі ғылыми жобаларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Біз оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына да ерекше көңіл бөлеміз, – деді ол.

Білім ошағында спорт саласы да қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, мектептің футбол командасы республикалық жарыстарда І және ІІ орындарды иеленген. Сонымен қатар шаңғы спортымен айналысатын оқушылар облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі нәтижелер көрсетуде.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив