Шемонаиха қаласында орналасқан «Арнау» супермаркеті – күнделікті тұтынуға қажетті тауарлардың кең ассортиментін ұсынатын заманауи дүкен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сауда нысаны 2019 жылдың 29 желтоқсанында ашылған.
Супермаркетте азық-түлік өнімдері, жеміс-жидек пен көкөністер, түрлі сусындар, кондитерлік өнімдер ұсынылады. Сонымен қатар нысан жанында дайын тағамдар мен кондитерлік өнімдер шығаратын арнайы бөлім жұмыс істейді.
Кәсіпорын директоры Анастасия Елизарованың айтуынша, бұл өндірістік бөлімше тұтынушыларды сапалы әрі балғын өніммен қамтамасыз етуге бағытталған.
– Біз нан-тоқаш өнімдері, бәліштер, тоқаштар, десерттер және түрлі дайын тағамдар шығарамыз. Өнімдер күнделікті сұранысқа бейімделген, сондықтан олардың сапасына ерекше мән береміз. Ішкі өндірістің болуы ассортиментті кеңейтіп, сатып алушыларға үйде жасалған өнімдерді тікелей ұсынуға мүмкіндік береді, – деді ол.
Айта кетейік, супермаркет жанындағы өндірістің дамуы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, тұтынушыларға сапалы өнімді қолжетімді бағамен ұсынуға жол ашып отыр.
Ұлжан СЕЙІТХАНОВА
Пікірлер