Аудандағы тарихи-өлкетану мұражайы өңірдің бай тарихы мен мәдени мұрасын таныстыратын маңызды нысандардың бірі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Музей директоры Наталья Дубинчиктің айтуынша, мұнда жыл сайын 260-қа жуық іс-шара ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам келуші қабылданады.
Сонымен қатар жергілікті мерзімді баспасөзде аймақ тарихы мен халықтардың дәстүрлері туралы тұрақты түрде жарияланымдар жарық көреді.
– Мұражай 7 залдан тұрады. Олардың қатарында археология залы, тарихи зал және суреттер көрмесі бар, – деді музей директоры.
Пікірлер