A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:05 0

Шемонаиха ауданындағы спорттық кешен кеңейтіліп жатыр

Бүгін / Шемонаиха / Спорт

Бүгінде аудан орталығында спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

2020–2021 жылдары нысанды жаңғыртуға облыстық және республикалық бюджеттен шамамен 500 млн теңге бөлінді. 

Аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ришат Ахметовтың айтуынша, мұнда 600-ге жуық азамат тұрақты түрде спортпен айналысады. Оның ішінде 416 оқушы бар.

– Кешенде футбол, волейбол, баскетбол бойынша турнирлер өтеді. Сонымен қатар шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ секілді зияткерлік спорт түрлері де дамып келеді. Қазір ғимараттың екінші қабатында 200 шаршы метр қосымша жаттығу залы салынып жатыр, – деді Ришат Ахметов. 

Жаңа жаттығу алаңында еркін күрес, бокс, қазақ күресі, дзюдо және үстел теннисі бойынша жаттығулар өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, спорттық кешеннің кеңейтілуі аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив