A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:20 0

Өскеменде жол жөндейтін мердігерлердің жауапкершілігі күшейтіледі

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышовтың қатысуымен өткен аппараттық кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұған дейін шаһар басшысы бюджет шығындарын оңтайландыру бойынша тапсырма берген еді. Яғни, барлық тиімсіз шығын жол инфрақұрылымына бағытталуда.

- Кеңесте нақты тапсырмалар бердім. Өткен жылы атқарылған жұмыстарды толық тексеріп, барлық мердігердің жауапкершілігін күшейту қажет. Жолдардың қазіргі жағдайы бәрімізге белгілі, сондықтан сапаға ерекше мән берілуі тиіс. Осы жылдан бастап барлық жол жұмысы 5 жылдық кепілдікпен жүргізіледі. Кез келген ақау мердігерлердің есебінен қайта жөнделеді. Негізгі мақсат — қала жолдарын толық ретке келтіру, - деді Алмат Талғатұлы. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив