A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 12:40 0

Өскемен су тасқынына қарсы 75 техника дайын тұр

Бүгін / Өскемен

Қала әкімдігінің мәліметінше, көктемгі су тасқыны кезеңі – аса маңызды әрі жауапты уақыт. Осы кезеңде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір су деңгейінің өзгеруі, қардың еруі және өзендердің жағдайы тұрақты қадағаланады. Барлық жұмыс қала әкімінің жеке бақылауында.

- Біз үшін тұрғындардың қауіпсіздігі маңызды. Жыл сайын су басу қаупі бар 28 ықшам аудан мен Ахмер ауылы ерекше бақылауға алынды. Қала бойынша алдын алу шаралары толық орындалып, арналар, арықтар және су өткізу жүйелері тазартылды. Өзендердегі су деңгейі қалыпты, қауіпті жағдай тіркелмеді. Қар қоры жекелеген аумақтарда сақталғанымен, су деңгейінің көтерілуі байқалмайды, - делінген қала әкімдігінің ресми ақпаратында. 

Су тасқыны кезеңіне 75 техника мен 120 маман жұмылдырылып, қажетті материалдық қор дайындалды. Қажет болған жағдайда 1540 адамға дейін эвакуациялауға арналған орындар қарастырылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив