A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:10 0

Өскеменде вокалдан өңіраралық байқау басталды

Бүгін / Өскемен

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінде сайыстың салтанатты ашылуы өтті,  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Байқау халық әртістері Ришат пен Мүслім Абдуллиндердің туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Оған елдің түкпір-түкпірінен 32 вокалист пен 4 вокалдық ансамбль қатысуда. Олардың қатарында Өскемен, Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар және Қызылорда қалаларының музыкалық колледждері мен мамандандырылған оқу орындарының студенттері бар.
- Ағайынды Ришат пен Мүслім Абдуллиндер – ұлттық вокал өнерінің дамуына зор үлес қосқан тұлғалар. Олардың орындау шеберлігі, сахналық мәдениеті мен кәсібилігі бүгінгі және келер ұрпақ үшін өнеге. Байқаудың мақсаты – жас вокалистерді, талантты жастарды анықтап, қолдау көрсету. Сондықтан қатысып жатқан жас өнерпаздарға сәттілік тілеймін, - деді Шығыс Қазақстан облыстық халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің директоры Альмира Дюсупова. 
Байқаудың ашылу салтанатында училищенің студенттері өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бұдан бөлек, қатысушылар жеребе тартып, реттік нөмірлерін анықтады.
Айта кету керек, ағайынды Ришат пен Мүслім Абдуллиндер – Қазақстандағы кәсіби вокалдық орындаушылық өнердің негізін қалаушылардың бірі. Олар қазақ әндерін алғаш рет дуэтпен орындап, классикалық репертуарды кеңінен насихаттап, ұлттық вокал мектебінің дамуына зор үлес қосты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив