Өскеменде облыс әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінгі сотта прокурор Жақсылық Омарға тағылған қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары (ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша 3 жылға соттауды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы соттан іске негіз болған Camri көлігін тәркілеуді, айыпталушыны мемлекеттік (квазимемлекеттік) қызметтен өмір бойына шеттетуді, сондай-ақ 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (ірі мөлшерде пара алу) бойынша 6 жылға соттауды өтінді. Екі бапты қоса келе прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға соттауды, одан бөлек “Құрмет” орденінен айыруды сұрады.
Сот процесі жалғасып жатыр.
Мән-жайы
Өткен айда әлеуметтік желілерде, телеграм-арналарда Жақсылық Омардың ұсталғаны жөнінде мәлімет тараған еді. Бірақ оның ұсталғаны бірден расталмады.
Арада бірнеше күн өткен соң Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омардың ұсталғанын растады.
Ұсталғанша Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Оның алдында алты жыл бойы Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды.
Фото: news.myseldon.com
Пікірлер