A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:00 0

Биыл елде балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылады

Бүгін / Республика

2025-2026 оқу жылының аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Осы орайда Қазақстан өңірлерінде жалпы қанша жазғы демалыс лагері ашылады? Елімізде жазғы лагерьлердің тапшылығы мәселесі шешілді ме? Бұл сұраққа ҚР Оқу-ағарту министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде 192 маусымдық, жыл бойы жұмыс істейтін 18 сауықтыру орталығында және 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерьлерде 3 млн-нан астам баланы демалыс, бос уақытты ұйымдастыру және сауықтыру шараларымен қамту жоспарланған. Жергілікті атқарушы органдарымен балалар сауықтыру орталықтарының тапшылығы мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Балаларды сауықтыру және олардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту жөніндегі 2024 — 2026 жылдарға арналған жол картасы аясында 50 балалар сауықтыру орталығының құрылысы жүріп жатыр, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Ведомство ақпаратына қарағанда, жазғы кезеңде 3 млн-нан астам бала сауықтыру шараларымен қамтылмақ. Оның ішінде 500 мыңнан астам әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды тегін демалыспен қамту жоспарланған.
— Осы жылы сауықтыру орталықтарына жіберу кезінде аз қамтылған отбасылардағы балалардың, ерекше күтімді қажет ететін балаларға, сондай-ақ білім саласында түрлі жетістіктерге жеткен балаларға басымдық беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттерде қосымша қаражат көздерін қарастырады, — деп аталып өткен Оқу-ағарту министрлігі ақпаратында.
Бұл қаражат білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілерінің келесі санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне жолдамалар беру үшін бағытталады:
— мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
— мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
— отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
— төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
— білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын оқушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына.
Министрліктің хабарлауынша, елімізде сауықтыру орталықтары ақылы негізде де тиісті қызметтер ұйымдастырады. Осы орталықтарда демалудың орташа құны 130 мың теңгені құрайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив