Тәртіп сақшылары патрульдеу барысында «Өскемен – Риддер» тасжолының Грейдерная көшесі бойында «ВАЗ-2114» маркалы көлігін тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көлікті бұрын 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған 23 жастағы ер адам басқарған. Медициналық куәландыру оның каннабиноидтарды қолдану салдарынан есірткілік масаң күйде болғанын растады.
Қазір көлік арнайы тұраққа қойылды. Ал жүргізушіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Полицейлер алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін ескертеді.
Пікірлер