A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:10 0

Үлкен Нарын ауданында мал ұрлығы анықталды

Бүгін / Үлкен Нарын / Қылмыс

Полицейлер түнгі уақытта жасалған мал ұрлығы фактісін ашты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, наурыз айының басында екі таныс алдын ала мал ұрлауды жоспарлап, аудан аумағындағы шаруашылықтардың біріне барған. Қарлы жермен жүру үшін күдіктілер ат пен шананы пайдаланып, ұрланған малды байқатпай алып кетуді көздеген.

- Олар түнгі уақытта бес бас ұсақ малды ұрлаған. Қылмыстың ізін жасыру үшін малды көрші ауылға апарып, заңсыз екенін біле тұра танысының қорасына жасырған. Келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгеден асты, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында. 

Жедел іздестіру шаралары барысында тәрітп сақшылары күдіктілердің жүріп өткен бағытын анықтап, ұрланған малды тірі күйінде тапты.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұрланған мал заңды иесіне қайтарылды.

ШҚО Полиция департаментінің өкілдері шаруашылық иелеріне мүлікті қорғау шараларын күшейтуді және күмәнді жағдайлар анықталғанда дер кезінде полицияға хабарласуды ескертеді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив