«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 30 қазанда облыстың солтүстігі мен шығысында тұман мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұндай жағдайда көлік жүргізушілеріне мұқият болып, жылдамдықты асырмау қажет. Ал жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін абай болған жөн.
Төтенше жағдай кезінде «112» нөміріне хабарласыңыздар.
Пікірлер