ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы ақпан және наурыз айларында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 6 021 ҚР заңнамасын бұзғандарды ұстады. Соның ішінде 5 034 шетел азаматы бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 103 фактісінің алды алынды. Соның ішінде 41 факті – есірткі заттары, 50 факті қарулар мен оқ-дәрілер (7 дана тегіс оқпанды және 37 дана суық қарулары, 276 дана оқ-дәрілері), 1 056 факті – көлемі 66 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары, 741 факті – жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары, 215 факті – сомасы 1,9 млрд теңге валюта.
Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 13 фактісінің жолы кесілді. Браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 330 млн теңгеден асады.
Осы фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілген.
Пікірлер