A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:15 0

ШҚО-да құтқарушыларға жаңа көлік берілді

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі Апаттар медицинасы орталығы мен ТЖМ «Қазселденқорғау» қызметкерлері жаңа қызметтік киім алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жаңартылған жабдық өңірдің күрделі климаттық жағдайларында қызметтік міндеттерді орындау кезінде жайлылықтың жоғары деңгейін, сенімді қорғауды және функционалдылықты қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне өтімділігі жоғары жаңа көлік берілді. Арнайы техниканың кілтін ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рашид Блялов табыстады. 

Бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларда жедел әрекет ету үшін маңызды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив